28.05.2026, 14:45
Оқылды: 12

Оралда республикалық семинардың пленарлық отырысы өтті

Бүгін шаһарымызда Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Халықаралық «Қазақ тілі»  қоғамы» қоғамдық бірлестігінің  Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі цифрлық дәуірде: Жасанды интеллект және тіл саясатының жаңа мүмкіндіктері» атты республикалық семинарының пленарлық отырысы өтті.

image-28-05-26-01-56-2

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Қуанышбек Мұханғалиев төрағалық еткен ресми жиында академик, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Шерубай Құрманбайұлы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тіл саясаты комитетінің әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Айнагүл Көкен, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басшысы Мақпал Жұмабай, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, философия докторы (PhD) Талғат Рамазанов, журналист, медиа-сарапшы, «Жайық Пресс» медиахолдингі бас директорының орынбасары Нұрлыбек Рахманов заманауи, өзекті тақырыптарды қаузайтын баяндамалар жасады.

image-28-05-26-01-56

Пленарлық отырыс Орал қалалық тілдерді оқыту мен дамыту оқу-әдістемелік орталығындағы секциялық отырысқа ұласты.

 

Айжан Бауыржанқызы,

Орал қалалық тілдерді оқыту мен дамыту оқу-әдістемелік орталығының БАҚ пен жұмыс маманы, 

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

image-28-05-26-01-56-6

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале