12.10.2021, 10:24
Оқылды: 89

Кент көркейіп келеді

Зашаған кентінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай абаттандыру жұмыстары аясында Байтақ көшесі №4, 6, Сейітов көшесі №1/3 және Саратов көшесі №22, 24, 26 мекенжайлары бойынша жұмыстар толықтай аяқталып, қолданысқа берілді.

зачаганск56

Жобаға сәйкес  спорт және балалар ойын алаңы, жарықтандыу мен арық жүйесі, қоқыс алаңдары, бейнебақылау камерасы, воркаут құрылғылары орнатылған. Жалпы, аула аумақтарын абаттандыруға 90 млн теңге қарастырылған. Сонымен қатар 10 қазан күні Зашаған кентінде DS «Dental» тіс емханасы ашылды. Бұл жоба «Нұрбанк» АҚ-ның қолдауы  арқылы  жүзеге асты.

4BC48670-7E46-4AC5-93A5-E5818DC4D13E

Сондай-ақ Жәңгір хан көшесінің бойындағы №71 үйдің алдына кешенді спорт қалашығы мен балалар ойын алаңы  қолданысқа берілді. Жобалық  құны 27 млн теңгені  құрайтын осындай  керемет  кешеннің іске қосылғанына  аталмыш  көппәтерлі  үйдің  үлкен-кішісі  дән риза.

Рафхат Халелов,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале