11.01.2023, 15:15
Оқылды: 49

Кептірілген марихуанамен қолға түсті

Полиция қызметкерлері Орал қаласы тұрғынынан белгілі бір иісі бар сұр-жасыл түсті заттың 28 пакетін тауып, тәркіледі. 

marihuana_1

Фото дереккөзі: vko.sud.kz

Орал қаласының Жайық өзенінің маңындағы орман алқабында 26 жастағы азамат ұсталды. Оны тексеру кезінде сұр-жасыл түсті, ерекше иісі бар 28 целлофан "зип" пакеттері, сондай-ақ орман алқабында тексеру кезінде сұр-жасыл түсті, ерекше иісті заттары бар 4 дана мөлшерінде полиэтилен пакеттер табылып, тәркіленді. Тәркіленгендер сараптамаға жіберіліп, “кептірілген марихуана” екені анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (Өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу).

БҚО ПД Баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале