14.03.2022, 21:55
Оқылды: 320

Кішкене көкпаршылар көрісу айттың көркін қыздырды

"Орал" спорт клубының Ат спорты бөлімінде "Көрісу айт" мерекесіне арналған сайыстар өтті.

16A84AB5-CA68-4881-9537-C66568FD42B5

Алдымен жас шабандоздар бөлім айналасындағы үйлерді аралап,  көрісіп шықты.

Спорт алаңына жиналған көп баланы көріп, қала тұрғындары Абай ата мен Рая әжей де арнайы келіп, жылбасы шашуын шашты. Киіз үйде бауырсақ үйлестіріп, наурыз көжеден дәм татқызды. Ұлттық спортты ұлықтап жүрген балаларға ақ батасын берді.

83DB140D-31C9-44BC-A532-1FE9B2A1A8FB

Шара ұлттық спорт элементтерінен тұратын көңілді сөремен жалғасты.

Ойынның қызығына батқан балалар Желтаудың желіне де, "ақпаннан қалған" аязға да пысқырмады. Екі беттері алмадай боп,көздері жанып, бірі "Алаш" деп ұрандап, екіншісі "Ынтымақты" ту етіп, үшіншісі "Қырандай" қалықтап, төртінші топ "Арландай" арқырап, бесіншілері "Бәйтерек" боп биікке ұмтылды. Олар асық атып, теңге ілген, садақ тартып, серке басқан бұрынғылардың ойын дәстүрін тағы бір мәрте жандандырды. Соңынан өткен жаппай тай көкпар Көрісу күнінің көрігін қыздырды. Тайға таласқан жас палуандар жекелей серке тақымдап, салым салды. Балалардың суықтағы жанкешті ойынын көрген тұрғындар демеушілік көрсетіп, салым еңбектерін берді.

7DCC16F5-1782-4CB1-B524-A62AC507032E

Жарыс соңында жеңімпаздар диплом және кубоктармен марапатталды.

76B0F97D-819B-4E7A-BAFA-AEFD620BCBED

Ақмоншақ Жұмаева,

"Орал" спорт клубының әкімгері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале