21.04.2026, 9:30
Оқылды: 20

«Кітап. Тарих. Шежіре»: Ұлттық кітап күніне арналған апталықтың алтыншы күні

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығы аясында бүгін кезекті күн «Кітап. Тарих. Шежіре» атауымен өтеді.

_gluster_2026_4_21_54bcc7d3321feb241005e983fd1e8e28_1280x720

Кітап апталығының алтыншы күнінде республика бойынша кітапханаларда, мәдениет және білім беру ұйымдарында кітап көрмелері, сирек әрі құнды басылымдар экспозициясы, реставрация ісінің таныстырылымы мен шеберлік сағаттар ұйымдастырылады.

Аталған күн кітаптың тек білім көзі ғана емес, ұлт руханиятының айнасы екенін тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале