14.03.2023, 16:30
Оқылды: 8

ҚМДБ: Рамазан айына орай төралқа мәжілісі өтті

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Рамазан айына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өтті, деп жазады muftyat.kz.

8cd1015a-2cfd-4d70-9fde-bab8d8edc39b

Алда келе жатқан Рамазан айына дайындықты пысықтау мақсатында өткен мәжіліске наиб мүфтилер, Бас мүфти кеңесшілері, бөлім басшылары және облыс бас имамдары қатысты.

Жиында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы баяндама жасап, ұлық айда атқаратын жұмыстарды жүйелеп, тыңғылықты дайындық жасап, оразаның қадір-қасиетін жамағатқа көбірек насихаттауға шақырды.

f9f8e417-f216-4cbf-a7fe-4f2c30f900cf

-Рамазан – Алла Тағаланың мұсылмандарға берген ұлы сыйы, нығметі. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмбетін: «Бұл айда жәннат есіктері ашылады. Ораза тұтқан адамның алдыңғы және кейінгі күнәлары кешіріледі», – деп сүйіншілеген. Біз, Рамазанда Хаққа да, халыққа да қызмет етеміз.

Рамазан айында адамдарға көп жақсылықтар және мүмкіндіктер беріледі. Бұл – шынайы құлшылық жасап, Алланың разылығын алуға, сонымен қатар халқымызға қызмет етіп, адамдардың алғысын алуға берілген үлкен мүмкіндік маусымы! Сондықтан өзімізге берілген міндеттер мен жауапкершілікті жанашырлықпен, ықыласпен, ихсанмен орындауымыз керек. Қасиетті айда Алланың разылығы мен халықтың алғысын алу баршамызға нәсіп болсын. Осы жолда Алла бәрімізге күш-қуат, рухани бірлік берсін!, - деді Бас мүфти.

Бұдан кейін наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы пітір садақасы, зекет, підияның биылғы мөлшері, Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков Құран хатым оқу топтарын бекіту, қариларды мешіттерге бөлу, тарауық намазын өткізу, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Рамазан айында дәрістер, уағыз-насихаттарды көбірек ұйымдастыру, Ақпарат бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы оразада орындалатын медиа жоспар, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсат Қайырғалиев қайырымдылық іс-шаралары жайлы баяндама жасады. Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы Рамазан айында атқарылатын жалпы жұмыстарды таныстырды.

 Фото: muftyat.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале