
Сурет: istockphoto.com
Nutrients журналында жарияланған зерттеу кофеиннің сүйекке әсері оның қанша мөлшерде ішілетініне байланысты екенін көрсетті.
Ғалымдардың айтуынша, күніне 1-3 кесе кофе ішу сүйекке айтарлықтай зиян келтірмейді. Тіпті кей жағдайда пайдасы да болуы мүмкін. Өйткені кофедегі антиоксиданттар ағзадағы қабынуды азайтып, сүйек саулығына оң әсер етеді.
Кофені сүйекке зиян келтірмей ішудің 3 жолы
Кофеден бас тартудың қажеті жоқ. Тек мөлшерін біліп ішкен жөн:
- Шамадан асырмаңыз: көпшілік ересек адам үшін күніне 2-3 кесе кофе ішу қауіпсіз мөлшер саналады.
- Сүт қосып ішіңіз: кофе ағзадан кальцийдің өте аз мөлшерінің шығуына әсер етуі мүмкін. Бір-екі қасық сүт немесе кілегей осының орнын толтыруға көмектеседі.
- Ас мәзіріңізге мән беріңіз: сүйекке кофеден гөрі кальций мен D дәруменінің жетіспеуі көбірек зиян. Күнделікті тағамда сүт өнімдері, ірімшік, күнжіт пен көк шөп жеткілікті болса, бірнеше кесе кофе сүйекке айтарлықтай қауіп төндірмейді.