25.03.2022, 16:30
Оқылды: 192

Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы қарқынды 

Наурыз айында Батыс Қазақстан облысы «AMANAT» партиясының барлық филиалдарына өңір тұрғындары түрлі мәселелермен келуде. Мысалы, өткен жылдың сәуір айында Жаңақала аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне Жаңақала ауылының тұрғыны мүмкіндігі шектеулі азамат, І топ мүгедегі үйіне интернет желісін тартып беру бойынша мәселесін шешіп беруге көмек сұрап жолыққан болатын. Бұл өтініш бойынша Жаңақала аудандық мәслихат депутаты Ж.Гумаров өтініш иесінің мәселесін жеке қабылдауына алып толық танысты. Айтылған өтініші бойынша жауапты мекемемен байланысқа шығып, шешілу жолын қарастырып, өз бақылауына алды. Аудандық мәслихат депутаты Ж.Гумаров шешімін тапқан мәселе наурыз айының 4 күні шешілді. Аудандық телекомуникация торабының маманы өтініш иесінің үйіне арнайы келіп, интернет желісін қондырып, байланысын орнатып беріп кетті.

IMG-20220325-WA0036

Сырым ауданы, Жымпиты ауылының тұрғыны, ІІІ топ мүгедегі өзіне тапсырыспен тігілген ортопедиялық аяқ-киімінің өлшемі келмейтінін, сапасы төмен, жарамсыз материалмен тігілгенін, тиісті мекемеге шағымданғанмен нәтиже жоқ екенін, жаңа аяқ-киім керек екенін айтып, Сырым аудандық мәслихат депутаты көмек сұраған болатын. Тұрғынның мәселесіне бей-жай қарамай, Сырым аудандық мәслихат депутаты Ниязгалиева Аида Кимовна азаматшаның мәселесін алға тартып, Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып, жабдықтаушы мердігер компания ортопедиялық аяқ-киімдерді қайта тігіп берді.

IMG-20220325-WA0039

Сонымен қатар, Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Қайырғалиева Лариса Тельманқызының қабылдауына келіп, зейнеткер мүгедек баласының зейнет ақысын сенімхат арқылы алып отырғандығын және тек бір жылға берілетіндіктен, мерзімі біткендігін айтып көмек сұрады. Аудан орталығына баласымен бірге барып-келу қиындық соқтыратын айтып, нотариуске жете алмай отырғанын айтқан болатын. Бисен ауылдық округі әкімшілігінде қызмет ететін қызметкер еңбек демалысына кетуге байланысты қазіргі таңда міндетін атқарушы маманның жоқтығы да өз әсерін тигізуде. Бір ай болса да баласының мүгедектік ақшасын уақытылы алғысы келетінін айтты. Бұл сұрау бойынша зейнеткердің жағдайын түсініп, аудандық мәслихат депутаты көрші Мұратсай ауылдық округі әкімдігіндегі мамандарға хабарласып, тұрғынның сенімхаты бойынша көмек көрсетуді сұрады. Мамандардың көмегімен Бисен ауылдық округіне барып өтініш иесіне сенімхат жазып берді. Бисен ауылының тұрғыны, зейнеткер әжей депутатқа және мамандарға өз батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Наурыз айындағы облысымыздағы ауа райынынң қолайсыздығына байланысты жол қатынастары қиындаған болатын. Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Мендешов Ермектен Бисен ауылының тұрғыны хабарласып, Орал қаласымен аудан орталығына қатынасатын жолдың (балшық су басқан жол) ауа райына байланысты қатынасу өте нашар болып кеткеткендіктен, Бисен ауылдық округі әкімдігінің құрған штатына қосылуға көмек сұрады. Жолда қалып қойған машиналарға көмек көрсету мақсатында техникамен көмек беруді сұрады. Бұл сұрау бойынша Бисен ауылдық округі әкімі  аудан тұрғындарын жолда қалдырмау мақсатында құрылған топқа қосылып, өзінің жеке техникасымен көмек көрсетіп, балшықтан шыға алмай тұрған машиналарды сүйреп шығарды. Алдағы уақытта да ауыл, аудан тұрғындары үшін де көмек көрсететінін жеткізді. Бисен ауылының тұрғыны ризашылығын білдіріп, жағдайға бей-ай қарамай, жедел көмек көрсеткені үшін депутатқа ауыл және аудан тұрғындарының атынан алғысын жеткізді.

Орал қаласының қоғамдық қабылдау бөлмесіне қала тұрғыны Горбунова Н.Н. үйіне құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін материалдық  көмек көрсетуді  сұрайды. Бұл өтініш бойынша «AMANAT» партиясы Орал қалалық мәслихат депутаты В.Голоухов өтініш иесін тыңдап, аталған мәселе бойынша көмек  көрсететіні туралы айтты. Нәтижесінде  В.Голоухов  аталған мекен-жайға барып, мән-жайды анықтап, көмек көрсетті.

IMG-20220325-WA0037

Ағымдағы жылдың ақпан айында Батыс Қазақстан облыстық филиалының  қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Сәтбаев Нұрғазы Сәтбайұлының  қабылдауына қала тұрғыны, әрі ардагер Журналисттер одағының мүшесі Ақмурзин Амангелді Меңдіғалиұлы келген болатын. «Сотвори свою судьбу» атты авторлық кітабы жөнінде айтып, қазіргі кездегі тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы екендігін баяндады. Депутаттан кітапты таратуға көмек көрсетуді сұрады. Нұрғазы Сәтбайұлы өтініш иесі өзімен бірге алып келген кітабын қарап шығып, кітап оқуға жеңіл, жатық жазылғандығын айтып, 100 дана кітапті алатынын жеткізді. Облыстық мәслихат депутаты ардагер журналисттен 100 кітабын сатып алып, өзі төрағалық ететін «Uniserv» клиникасында жұмыс атқаратын әйелдер қауымына сыйға тартты.

IMG-20220325-WA0038

Наурыз айының басында Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Мендешов Ермек Пахманұлына хабарласып, Бисен ауылының тұрғыны, жалғыз басты әке, lll топ мүгедегі Майтақов Амангелді ағай үйіне газ кіргізе алмай жүргенін, жағдайын айтып көмек сұрады.  Бұл мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаты бастама танытып,  ауыл тұрғындары, жеке қожалық иелері, мекеме ұжымдары, ауыл жастары бірігіп, қаржылық қор жинақтады. Жылыту жүйелерін тегін орнатып берген қызметкерге, ауыл тұрғындарына, аудандық мәслихат депутатына Мендешов Ермекке, үйін әктеп, сырлап берген қыздарға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

«AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале