22.02.2021, 11:59
Оқылды: 263

Қоғамдық қабылдау жалғаса береді

Айқын басымдықпен аудандық мәслихат депутаттары қатарынан 10-шы орын алған "Nur Otan" партиясының мүшелері "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты Теректі филиалының  сайлауалды бағдарламасын орындауға кірісті.

6BA345D7-BAD7-420E-B261-91507519EC8F

Елбасы, партия көшбасшысы Н.Назарбаев: "Nur Otan" партиясының депутаттары әрбір өңірде, қала мен аудандарда барлық сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі тиіс", – деген болатын.

Осы мақсатта “Nur Otan" партиясы Теректі аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан басшылығы, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, құқық қорғау өкілдерінің қабылдаулары бекітілген кестеге сай өткізіледі. Қабылдауға жүгінген азаматтардың көтерген мәселесін қарап, заң аясында оң шешімін табуға барша мүмкіндіктер жасалады.

Пандемияға байланысты қабылдаулар телефон немесе бейнебайланыс арқылы жүріп жатыр. Дегенмен депутаттар алдына келген ауыл тұрғындарын қабылдамай жібермейді. Ақпан айында 10 депутат бір айналымнан қоғамдық қабылдау өткізіп үлгерді. Қабылдауларда тұрғын үй, жұмыспен қамту, қайырымдылық, жұмысқа орналастыру мәселелері қаралды.

Мысалы, депутат Эльмира Өтепбергенованың қабылдауында Юбилейный ауылының тұрғыны баспанасын апатты деп тануға көмек сұрап келген болатын. Мәселе шешімін тапты. Теректі ауданы мүгедектерінің «Алтын шуақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ашықбаев депутат Сержан Идиятовтың қабылдауында мүгедектігі бар тұлғаларға көмек көрсетуді ұйымдастыруды айтты. Осы орайда Сержан Серікұлы қоғамдық бірлестік төрағасына бірлесе жұмыстануды ұсынды. Депутат Шолпан Какижановаға бейнебайланыс арқылы жүгінген Ақжайық ауылының тұрғыны жұмысқа орналасуға қолдау сұрады. Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз санатында тіркелген ол кісіге Шолпан Бижанқызы жергілікті мектептегі бос орынға орналасуына көмектесті.

Қоғамдық қабылдаулар - халықтың қажеттілігін біліп, мәселесін шешуге ең оңтайлы әдіс. Сондықтан да аудандық мәслихаттың "Nur Otan" фракциясының депутаттары азаматтарды қоғамдық қабылдауларды арнайы кестеге сай жүргізіп отырады.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылдау телефон немесе бейнебайланыс арқылы өтеді. Қабылдауға жазылу үшін телефон 23-2-98, Whatsapp 8-705-965-35-24.

Мирхат Ибраев,

"Nur Otan" партиясы Теректі филиалы

 төрағасының бірінші орынбасары

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале