14.05.2021, 18:15
Оқылды: 284

Қоғамдық кеңесте қолдау тапты

2021 жылдың 14 мамыры күні ZOOM платформасында Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Облыстық кеңестің төрағасы Ербол Салықовтың жетекшілігімен күн тәртібінде қаралған мәселе – Батыс Қазақстан облысы тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің жағдайы туралы болды.

IMG-20210514-WA0022

Онлайн жиынға БҚО Кәсіподақтар орталығының төрайымы, Қоғамлық кеңестің мүшесі Айгүл Есекенова қатысты.

Сонымен қатар, облыстық кәсіподақтар орталығының жетекшісі кеңес жанындағы Нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер енгiзу бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi комиссия төрағасы болып сайланып, өңірдегі денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері үшін жалақы өсімінің бірдей жүргізіліп, саланың барлық мамандарының қамтылу ұсынысын көтерді.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы бұған дейін денсаулық сақтау ұйымдарындағы орта және кіші медициналық қызметкерлердің еңбектерін ұтымды ұйымдастыру және жалақы өсімі туралы бастамалардың бұл санаттағы мамандар үшін де жүзеге асу қажет екендігін көтеріп, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерін, әлеуметтік әріптестерін бірлесе белсенді жұмыстар атқаруға шақырған еді.

Бүгінгі бас қосуда кәсіподақ жетекшілерінен, жергілікті мәслихат депутаттарынан, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерінен құралған облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері жалақы мәселесі аясында талқылау жүргізіп, нәтижесінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан арнайы жұмыс тобын құру ұсынысы қабылданды.

Сонымен қатар, жиын барысында көтерілген өңірдегі денсаулық саласына қатысты сұрақтар мен мәселелер ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолданатын болып келісілді.


«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале