26.01.2025, 16:00
Оқылды: 118

Көлік нөміріне қар қатып қалса қанша айыппұл қарастырылған

Қыстыгүні көлік номерін қар жауып қалса да айыппұл салынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

7

Сурет: freepik.com

Қыста кейбір көлік жүргізушілері көліктерінің нөмірлерін тазалауға салғырт қарайды. Мұндай көлік жүргізушілеріне ӘҚБтК-нің 590-бабының 1-бөлігі "Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша айыппұл салынады.

"Оқылмайтын немесе сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлері (белгілері) орнатылған көлікті жүргізу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", - деп жазылған бапта.

2025 жылға бекітілген 1 АЕК – 3 932 теңгеге тең. Осылайша, көлік нөмірін қардан тазаламаған жүргізушілер 19 660 теңге айыппұл төлеуге тура келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале