17.11.2020, 15:17
Оқылды: 91

Конференция барысында депутаттыққа үміткерлер нақтыланды

Батыс Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне кандидаттарға дауыс беру үшін дебат өткізілді. Дебат аяқталысымен дауыс беру кабиналарына барып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне партиялық тізімге қатысушы кандидаттарға дауыс берді.

 пар 1

Батыс Қазақстан облыстық «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев конференцияның барлық делегаттары дауыс беруге қатысқандығын мәлімдеп, ақпараттық жүйе арқылы дауыс берудің қорытындысымен таныстырды.

Дауыс беру нәтижесінде ең жоғары дауыс жинаған үш кандидат конференция шешімімен ҚР Парламенті Мәжілісінің өңірлік квотасына сәйкес партиялық тізімге енгізу үшін  съезге ұсынылды.

Конференция депутаттарының дауыс беруі қордындысымен 120 дауыс жинаған Мәлік Құлшар, 116 дауыспен Жаңабек Жақсығалиев, 109 дауыспен Сәбира Сүндетова үздік үштікке ілікті.

пар 3

Сондай-ақ конференция барысында «Nur Otan» партиясынан Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізім бекітілді. Паритиялық тізімге енгізілген 47 адамнан тұратын тізімді конференция делегаттары бірауыздан қолдады.

Мұнан соң биылғы жылдың 25-ші қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ Съезіне біздің өңірден қатысатын 20 делегаттың тізімі анықталды.

пар 2

Сонымен қатар конференция барысында «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы сайланды.  ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында партияның үгіт жұмыстарын ұйымдастыру бойынша облыстық, қалалық, аудандық сайлауалды штабтарының құрамы жасақталды.

«Nur Otan» партиясының БҚО филиалы төрағасы Ғали Есқалиевтің ұйғарымымен облыстық сайлауалды штабының басшысы ретінде филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев бекітілді.

 

Батыс Қазақстан облыстық

«Nur Otan» партиясы филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале