
Сурет: gov.kz
Пайдаланушылар өздерін қызықтыратын өңірді таңдап, сол аймақтағы бос жұмыс орындары, мемлекеттік қолдау шаралары, тұрғын үй жағдайлары және бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын өзге де мүмкіндіктер туралы ақпаратты бірден ала алады.
Порталда сұранысқа ие мамандықтар тізіміне ерекше назар аударылған. Бұл азаматтарға қоныс аудармас бұрын еңбек нарығындағы өз мүмкіндіктерін алдын ала бағалауға жол ашады. Бүгінде ең сұранысқа ие мамандықтардың қатарында:
Аталған тізім өңірлік еңбек нарықтарының сұранысына сәйкес тұрақты түрде жаңартылып отырады. Бұл пайдаланушыларға өзекті әрі сенімді ақпарат алуға, өз мүмкіндіктерін алдын ала бағалап, кәсіби дағдылары жоғары сұранысқа ие болатын өңірді таңдауға мүмкіндік береді.
Сервистің интерактивті картасында елді мекендер, әлеуметтік нысандар, инфрақұрылым және кеңес алуға арналған байланыс деректері туралы мәліметтер де орналастырылған. Бұл қоныс аударуды жоспарлау үдерісін барынша ашық әрі түсінікті етеді.
migration.enbek.kz порталындағы цифрлық сервистерді дамыту мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға және азаматтарға тұрғылықты жерін өзгертуге қатысты саналы әрі негізделген шешім қабылдауға көмектесуге бағытталған.
Еске салсақ, ҚР Үкіметі 2026 жылға арналған ерікті қоныс аудару өңірлері ретінде Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарын айқындады.