10.11.2022, 12:31
Оқылды: 40

Көп дүниені көңілге тоқып келді

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің қызметкері Ербол Ербаев Беларус Республикасында биылғы қаңтар-маусым айлары аралығында тағылымдамадан өтіп келді. «Болашақ» халықаралық стипендиясының «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша грант ұтып алған ғалым өз тәжірибесін толықтырып қайтты.

 12

Доцент міндетін атқарушы, PhD докторы Е. Ербаев Беларуссия мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінде ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандығы бойынша алты ай тағылымдамадан өтті. Тағылымдама тақырыбы – «Тұтынушыларды аутономды электр қондырғысынан электрмен жабдықтау үшін басқару жүйесін әзірлеу». Яғни отандық аграрлық салаға қажет дүние. Беларуссия мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінің агро-өнеркәсіптік кешен кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында білімдерін жетілдірген бір топ ғалым тұтынушыларды аутономды электр қондырғысынан электрмен жабдықтау үшін басқару жүйесін әзірлеу әдіс-тәсілдерін меңгерді. Сондай-ақ дизельдік энергетикалық стансалар мен жел энергетикалық қондырғыларды пайдаланатын біріктірілген аутономды электрмен жабдықтау жүйелерінің энергетикалық және пайдалану сипаттамаларын, жаңа техникалық шешімдерді әзірлеу, күштік жабдықтың және басқару жүйесінің жұмыс режімдерін ұтымды ұйымдастыру есебінен жақсарту дағ-дыларын игерді.

– Өзге әріптестеріммен бірге түрлі кездесулерге, дөңгелек үстел отырыстарына, дәрістер мен талқылауларға қатыстық. Беларуссиядағы алдыңғы қатарлы шаруашылықтар мен ғылыми орталықтарда болып, тәжірибе алмастық. Беларуссия университетінің оқу-материалдық базасымен, ғылыми және оқу әдебиеттері залымен, осы мемлекеттің Ұлттық кітапханасымен, республикалық патенттік кітапханасының қорларымен таныстық, – деді Ербол Төлегенұлы.

Мысалы, «Мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары», «Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясында сүтті мал шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары: тәжірибе, мәселелер, мүмкіндіктер», «Сүтті мал шаруашылығына жем-шөп өндірудің өзекті мәселелері», «Ауылдық жерлерді дамыту мен агроөнеркәсіптік кешендерді кадрлармен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері мен мүмкіндіктері», «Агроөнеркәсіптік кешендердің тиімді
жұмыс істеуінің ұйымдастырушылық-экономикалық жағдайларын қалыптастыру» сынды халықаралық ғылыми-тә-жірибелік семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысып, сертификаттар иеленген. Бұл жиындарда Ербол Төлеген-ұлы баяндамалар оқып, Қазақ-станда жоғары сапалы тұқым алу мүмкіндігі, қуат тиімділігі және қуатты үнемдеу жолдары, сусымалы материалдарды кептіруге арналған конвейерлік үлгідегі қондырғы орнату мәселелерін қозғады.

– Беларуссия университеті ғалымдарының және Беларусь Ұлттық Ғылым академиясының агроқалашықтарды және шалғайдағы қуат тұтынушыларды жергілікті қуатпен қамтамасыз ету саласындағы зерттеу орталықтарының ғылыми және техникалық әзірлемелерін зерделеу нәтижесінде біз оларға талдамалық шолу жасадық. Сондай-ақ электр шаруашылығын пайдалану тиімділігін арттыру және инновациялық технологияларды енгізу бойынша техникалық-ұйымдастыру іс-шараларын әзірлеу, кәсіпорындар мен агроқалашықтарды электрмен жабдықтаудың жаңа тиімді шешімдерін енгізу, дәстүрлі емес энергия тасымалдағыштарды пайдалану бойынша батыстың озық технологиялары мен жабдықтарын зерт-теу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар аутоном-ды қондырғыдан тұтынушыларды электрмен жабдықтауды басқару жүйесін әзірлеу, қуатпен  жабдықтаудың дербес жүйелері жабдықтарының техникалық жай-күйі саласындағы нормативтік-құқықтық акті талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар іс-шараны өт-кізуге атсалыстық.

Энергетика  адамзат қоғамының даму негізі екені сөз-сіз. Энергетикалық ресурстар өндіріске, ауыл шаруашылығына, көлікке, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, ақпараттық технология мен телекоммуникацияның қарқынды дамыған секторларына және басқа да салаларға аса қажет. Экономикалық өсу еңбек өнімділігінің ұлғаюымен тікелей байланысты болса, еңбек өнімділігінің ұлғаюы өндірісте жаңа технологияларды пайдалану есебінен жүзеге асырылады. Ал бұл жұмысты энергетика қамтамасыз етеді. Энергетика кез келген елдің стратегиялық маңызды секторы әрі эконо-
миканың іргетасы саналады. Беларуссия меншікті энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етілмеген. Бұл мемлекет қуатты сырттан тасымалдайды. Сондықтан белорустар үшін әлемдік энерге-
тикалық трендтерді қадағалап отыру және оның экономикаға әсерін талдап отыру маңызды, – деді жас ғалым.

Берері мол  тағылымдамадан елге үлкен әсермен оралған ғалым-ұстаз жаңа оқу жылының қарбалас жұмысына кірісіп те кетті. Шетелден оқып-үйреніп келген білімін енді ол отандық ғылымды дамытуға жұмсамақ.

Ләззат Қажымова,

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ медиа орталығының директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале