17.11.2021, 16:50
Оқылды: 96

Көпвекторлы мемлекет болудан басқа шығар жол жоқ – Елбасы

Қазақстанға көпвекторлы мемлекет болудан басқа шығар жол жоқ. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

211117155821700a3863421i

«Бізге көпвекторлы мемлекет болудан басқа шығар жол жоқ. Солтүстік пен батыста Ресеймен шектесеміз. Шекара ұзындығы – 7,5 мың шақырым. Басқа мұндай жоқ. Оның үстіне Ресеймен тарихи тамырласып жатырмыз, бірнеше ғасыр біргеміз. Шығыс жағымызда Қытай Халық Республикасымен 1,7 мың шақырым шекарамыз бар. Оңтүстікте ислам әлеміндегі көршілеріміз орналасқан. Гегографиямыз осындай. Құдайдың өзі бізге көпвекторлы болуды бұйырған», - деді Елбасы «Астана клуб-2021» отырысында.

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев еліміз көпвекторлығы үшін жиі сынға да ілігіп жататындығын жасырмады.

«Әрине, бұл күрделі мәселе. Бізді осы үшін «кіммен біргесіздер?» деп жиі сынайды. Ресеймен ең жақсы, үлгі боларлық қарым-қатынасымыз бар. ҚХР-мен де қатынасымыз жақсы, сауда-саттық пен инвестиция ерекше артып келеді. Біз көлік хабы саналамыз, сауда-саттық жасаймыз, өзіміз арқылы Қытайдан Еуропаға және кері бағытта жүк өткіземіз. АҚШ-пен де жақсы қарым-қатынастамыз. Еуропалық одақпен экономикалық кең ауқымдық ынтымақтастық туралы келісіміміз бар. Ислам әлемімен де солай. Мен мұнан ешқандай қиындық көріп отырған жоқпын»,- деді Елбасы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале