5.10.2021, 18:13
Оқылды: 103

Корей мемлекетінің құрылғанына 4354 жыл толды

3 қазанда Корея Республикасы мемлекеттің құрылған күнін атап өтті. Осы мерекеге орай Кореяның Қазақстандағы елшілігі салтанатты іс-шара өткізді.

360E8BA5-2A87-4286-BBD0-884310215A3C

Пандемияға байланысты іс-шараға санаулы адам шақырылды.

Елшілік ғимаратында ұйымдастырылған іс-шарада алдымен екі елдің мемлекеттік әнұраны ойнады.

Ресми кездесудің ашылуында сөз алған Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок мырза елдердің дипломатиялық байланысы жайында айта кетті.

Корей мемлекетінің құрылғанына 4354 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараға келгендеріңізге алғыс айтамын. Бүгін мен үшін өте жауапты күн. Өйткені мен былтырғы жылдың маусым айында елші болып тағайындалғаннан кейін алғаш рет Кореяның құрылған күніне орай осы қабылдауды ұйымдастырып отырмын, - деді дипломат.

Былтыр пандемияға байланысты Кореяның құрылу күні онлайн форматта атап өтілді.

Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Осы сәтті пайдалана отырып қазақстандықтарды атаулы күнмен құттықтағым келеді, - деп елші Ку Хонг-сок қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

BAQ.KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале