9.02.2022, 18:00
Оқылды: 103

Кореяда алғаш рет коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік саны 50 мыңға таяды

Оңтүстік Кореяда тәуліктік COVID-19 жұқтыру көрсеткіші күрт артып, сәрсенбі күні 50 мыңға жетті. Бұл – жаңа максимум, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

833AAF2B-DB4F-42D7-B9D1-1B95C045F7E6

Кореяның аурулардың алдын алу және бақылау агенттігінің (KDCA) деректеріне сай, елде COVID-19 жұқтырудың жаңа 49 567 жағдайы тіркелген, олардың 49 402-сі – жергілікті.

Осылайша, коронавирус жұқтырғандар саны 1 131 248-ге жетті. Тәуліктік жұқтыру жағадайы бірінші рет 40 мыңнан асып отыр.

Бұның алдындағы рекорд 38 689 болған, бұл көрсеткіш жексенбі күні тіркелген еді. Соңғы екі аптада инфекция жұқтырғандар саны шамамен төрт есе артты.

Денсаулық сақтау органдары осы айдың аяғына дейін бұл көрсеткіштің 170 мыңға жетуі мүмкін екенін ескертті. COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 6 943-ке жетті, бұл сейсенбі күнгі көрсеткіштен 21-ге көп.

KDCA деректері бойынша, коронавирустың ауыр формасымен 285 науқас ауырады, бұл бір күн бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 17-ге көп.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале