25.01.2022, 13:00
Оқылды: 143

Кореяда COVID-19 жұқтырудың тәуліктік рекорды тіркелді

Сейсенбі күні Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтыру жағдайлары рекордтық 8 751-ге жетті, бұл омикрон штамының тез таралуымен байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

5C8A719E-8CE6-4644-9B27-08B837E38F6B

Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) деректеріне сай, сейсенбі күні вирус жұқтырғандар қатары 8 356 жергілікті жұқтыру жағдайын қосқанда, 749 979-ға жетті.

Кореяда 2020 жылдың 20 қаңтары вирус анықталғаннан бері бірінші рет бір тәулікте жұқтыру жағдайлары 8 000-нан асып отыр. Коронавирустан қайтыс болғандар саны 6 588-ге жетті, дүйсенбі күні бұл көрсеткіш 23-ке кем болған.

Шенеуніктер омикрон штамының қазіргі таралу қарқынын ескере отырып, келесі айда жұқтыру жағдайлары күніне 30 000-нан асуы мүмкін дейді.

Медициналық сарапшылар жұқтыру жағдайларының геометриялық прогрессияда өсіп, ақпан айының басында күніне 20 000-ға жетіп, жақын күндері 100 000-ға дейін көбеюі мүмкін екенін ескертеді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале