12.04.2023, 14:45
Оқылды: 23

Қорғаныс министрлігінің сарбаздарға жоғары білім алуға жеңілдіктер беру жөніндегі бастамасы кең қолдау тапты

Қорғаныс ведомствосының мерзімді қызмет өткерген сарбаздарға білім алу жеңілдіктерін беру туралы бастамасын еліміздегі жетпістен астам жоғары оқу орны қолдады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

63988fa76e35c9a51a2b317cc18eaaae_1280x720

Қорғаныс министрлігі мен жоғары оқу орындары арасындағы бұл келісім Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарды әскерде қызмет етуге ынталандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде жасалып отыр.

– Жетпіс үш жоғары оқу орны Қорғаныс министрінің бастамасына қолдау көрсетті. Осыған сәйкес ЖОО есебінен 3000-ға жуық орын бөлінеді, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева.

Қорғаныс ведомствосының бастамасына белсенді қолдау көрсеткен жоғары оқу орындарының арасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Логистика және көлік академиясы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Торайғыров университеті, Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті және басқалар бар.

40c947ec00d615e62a0eb6a2dd1cf304_1280x720

Бұл жерде жеңілдіктер әскери қызметтен өткен, орта мектепті бітіргені туралы аттестаты немесе техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар балаларға берілетінін естеріңізге сала кетейік. Енді олар ақылы негізде, ҰБТ-ны есептемей-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелеріне түсу құқығына ие болады.

Мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде жауынгерлік даярлықта, жүктелген міндеттерді орындауда үздік нәтижелерге қол жеткізген және жоғары әскери тәртібімен көзге түскен запасқа шығарылған үлгілі жауынгерлерге ҰБТ тапсырмай ЖОО есебінен тегін оқу құқығы беріледі. Жастарға жеңілдіктер алу үшін ХҚКО-ларда берілетін мерзімді әскери қызметті өткеру туралы анықтаманы және әскери билеттің көшірмесін қоса отырып, ЖОО-ға құжаттардың тізбесін ұсыну жеткілікті.

Сонымен бірге оларға жоғары оқу орнының жанындағы әскери кафедрада түсу емтихандарынсыз тегін оқуға мүмкіндік бар. Армия мектебінен өткендерге Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына да жол ашылды. Енді олар қабылдау емтихандарынсыз әскери оқуға түсе алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале