27.10.2021, 10:20
Оқылды: 83

Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 30 науқас қайтыс болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

1

Оған сәйкес, 25 қазан күні Қазақстан аумағында 26 адам - коронавирустан, тағы 4 сырқат - пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласында - 10 науқас.

Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Шымкент қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында - 3, Павлодар облысында - 2, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Тек Түркістан, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл және Қостанай облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале