Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, коронавирус жұқтырып, амбулаториялық жағдайда емделіп жатқан қазақстандықтар өз-өзін оқшаулау режимін бұзбау жайлы қолхат беруге міндеттеледі. Тиісті құжат ДСМ СЭБК ресми сайтында жарияланды.
Құжатта коронавируспен ауырып, үйде ем қабылдап жатқан науқастар, сондай-ақ, COVID-19 жұқтырған адаммен байланыста болып, үй карантинінде отырған азаматтар өзін-өзі оқшаулау режимінің қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қолхат беруге міндеттелетіні айтылады.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
Құжаттың толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады.
Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 1844 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 923 060-қа жетіп отыр. Өткен тәулікте 1984 адам дерттен жазылып шыққан.
Дереккөз: nur.kz
15:1518.05.2022
Ажар Ғиният пандемиямен күреске қанша қаражат жұмсалғанын айтты
9:3118.05.2022
Қытайдың Шанхай қаласында коронавируспен байланысты жағдай қалыпқа келе бастады
16:4417.05.2022
Коронавирустың өршуінен Бейжің метрополитеніндегі 100-ден аса станция жабылды
12:5917.05.2022
Қазақстанда бір күнде бес адам коронавирус жұқтырды
18.05.2022, 15:15
17.05.2022, 12:59