2.06.2022, 17:49
Оқылды: 115

«Коронавирустың салдарымен әлі де күресеміз»

Бүгін өңірімізге жұмыс сапарымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният келді. Ол Ақжайық өңіріндегі медициналық нысандарын аралап, олардың материалдық-техникалық жарақтануымен таныспақ. Сондай-ақ, тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек еліміздің бас дәрігері баспасөз конференциясына қатысып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап береді.

5AB879C0-B2AB-4ADA-AF1B-174CFEE33000

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияталдымен облыс әкімдігіндегі жиынға қатысып, медицина саласы бойынша өңірдегі өзекті мәселелер туралы тыңдады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Осы тұжырымдама аясында еліміздегі әр саланың министрі өңірлерді аралап, халықтың жағдайымен танысуда. Бүгін облысымызға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызы келді. Ажар Ғиниятқызы, туған елге қош келдіңіз! Іссапар барысында Орал қаласы мен аудандардағы денсаулық сақтау нысандарының жай-күйімен танысып, медицина қызметкерлерімен, тұрғындармен тілдесетін боласыз,деді жиынның ашылуында сөз алған облыс әкімі Ғали Есқалиев.

EFA06B6B-85FB-4A8C-BDEF-8A6B2E2E6722

Облыстық денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші Ләйлә Бекжанованың айтуынша, соңғы екі жылда өңірде онкологиялық сырқатқа шалдығып, дертін асқындырып алғандар (III – IV саты) мен туабітті сырқатпен дүниеге келген нәрестелердің саны күрт артқан. Сондай-ақ кей ауруханада заманауи медициналық құрал-жабдықтардың болмауына байланысты тұрғындарға МӘМС аясында толық көлемде қызмет көрсетілмей тұр. Облыстағы медициналық құрал-жабдықтардың тозы 80 пайызды құрайды. Соның салдарынан алыс-жақын шетелде ем алатын облыс тұрғындарының саны да жылдан-жылға артуда.

Медициналық жабдықтардың ескіруі мәселесі Батыс Қазақстан облысында ғана емес, еліміздің өзге де өңірлерінде де кездеседі. Жасыратыны жоқ, қазір онкологиялық сырқатқа шалдыққандардың саны жыл сайын артып келеді. Дертті ерте сатысында анықтау үшін медициналық мекемелер тұрғындарды МӘМС аясында скринингтен жүйелі өткізу керек. Сонда ғана қатерлі ісікке шалдыққандардың сырқаты асқынбайтын болады. Бұл жерде скринингтің тиімділігі туралы тұрғындарға толық ақпарат беріп, идеология жүргізу қажет және науқас пен дәрігердің арасында сенім болғаны жөн. Егер облыс дәрігерлеріне тұрғындар сенім білдірсе, алыс-жақын шетелдерге кетпейтін болады. Әрине бұл жерде өңірдегі кей денсаулық сақтау мекемелерінің заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі де әсер етеді. Сондай-ақ кей жағдайда науқастар облыстағы дәрігерлерге қарала алмаған соң, көршілес Ресейге емделу үшін кетіп жататыны жасырын емес. Қатерлі ісікке шалдыққандардың дертін асқындырмау, ана мен бала өлімінің алдын алу – біздің, дәрігерлердің басты міндеті. Ел аумағында коронавирустың салдарымен күрес әлі тоқтаған жоқ. Өйткені соңғы екі жылда халықтың денсаулығы нашарлап кетті. Коронавирустан басқа, созылмалы сырқатқа шалдыққандардың саны да күрт артты. Сондықтан тұрғындардың денсаулығын нығайтып, өмір сүру жасын ұлғайтуымыз керек,деді Ажар Ғиният.

Гүлсезім Бияшева,

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале