7.09.2026, 12:15
Оқылды: 10

Қорытынды дайындықтың екінші күні: 132 ән, 5 сағат 30 минут

Дәстүрлі ән орындаудағы жаһандық көрсеткішті жаңартуға арналған жобаның қорытынды дайындығының екінші күні қорытындыланды.

WhatsApp Image 2026-09-07 at 12.29.00

«Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Кәкімов орындалуы тиіс меже 132 әнді бір деммен орындап шықты.

WhatsApp Image 2026-09-07 at 12.28.59

Атап айтқанда, алғашқы төрт сағаттан астам уақытта 100 әнді домбыра аспабының сүйемелдеуімен тамылжыта шырқады.

WhatsApp Image 2026-09-07 at 12.29.00 (2)

Қорытынды сөзді Берік Мырзалыұлы алып, дайындық барысын шашауын шығармай ұйымдастырған мекеме басшысы Бауыржан Халиолла бастаған ұжымға, аталған жобаға қолдау көрсеткен өңір басшысы Нариман Төреғалиевке, мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Медхат Қамбетов бастаған ел азаматтарына алғыс білдіріп, қос әншіге сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2026-09-07 at 12.29.00 (1)

Өз кезегінде Медхат Мұсаұлы қос саңлақтың мықтылығын атап өтіп, осы жобаны өткізуге мұрындық болған мекеме басшысы Бауыржан Ергенұлының еңбегі ұшан-теңіз екенін баса айтты.

Айта кетейік, Дәстүрлі ән орындаудағы жаһандық рекордтық көрсеткішті жаңартуға арналған жоба 29-30 қыркүйек күндері «Атамекен» өнер ордасында өтеді.

Қош келесіздер!!!

 

Айжан Бауыржанқызы,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале