9.04.2021, 9:40
Оқылды: 47

Қоржында жеті жүлде

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан жастар арасындағы (17, 19, 21 жас) жекелей ел чемпионаты классика, рапид және блиц түрінен өз мәресіне жетті. Павлодар қаласында өткен жарысқа Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларымен қатар еліміздің 13 облысынан 16 команда, 243 спортшы қатысты.

 коржында жети жулде

БҚО атынан сынға түскен спортшыларымыздың арасында тоғызқұмалақтың классика түрінен Бекарыс Жортабаев пен Таир Салхай, рапид түрінен Дархан Әнуарбеков, Самира Оразмұханбет, Таир Салхай қола жүлделерге ие болды. Ал блиц түрінен Аида Карина чемпион атанса, Ализа Ерниязова қола жүлдені еншіледі.

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале