10.12.2021, 9:30
Оқылды: 86

Қос ауданда өткен конференция

Бүгінде Батыс Қазақстан облысында алғаш рет құрылған салалық кәсіподақтардың аудандық филиалдарында кезектен  тыс сайлау конференциялары өтіп  жатыр. Солардың бірі «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Қаратөбе аудандық комитеті филиалында өтті.

3

Оған облыстық кәсіподақ аппаратының төрағасы Марат Даупаев және бас мамандар – Марина Теміргалиева, Гүлжанат  Кұрманғазиева, Гүлнұр Хайырлиева, ауданның бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен бірге әлеуметтік  әріптестік негізінде кәсіподақтың дамуына зор үлес қосып жүрген Қаратөбе аудандық  білім беру бөлімінің басшысы  Берікжан Ғарапшиев қатысты.

Аудандық кәсіподақ ұйымының есепті мерзім ішіндегі атқарылған жұмыстары бойынша кәсіподақ төрайымы Сағира Ақдонованың баяндамасы тыңдалды. Осы конференцияда күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық кәсіподақ ұйымына жаңа төраға сайланды. Оған ұсынылған Нұрбек Бақытжанұлы Зейнуллиннің кандидатурасын конференция делегаттары бірауыздан қолдап, дауыс берді. Жаңа төраға делегаттардың сеніміне алғысын жеткізе отырып, алдағы уақытта Қаратөбе аудандық кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуға, олардың конс­титуциялық құқықтарын сақтау және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында кәсіподақ   қозғалысын жетілдіруге жұмыстанамын деп сенім білдірді.

Тап осындай конференция Казталов аудандық филиалында да өткен еді. Мұнда аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Асыл Кенжеғалиеваның есепті мерзім ішіндегі атқарылған аудандық кәсіподақ ұйымының есебі тыңдалды.  Делегаттар  оның жұмысына қанағаттанарлық баға берді.

Конференцияда сөз алған делегаттар – Абылай Молдашев, Гүлдария Темешовалар ауданда атқарылған кәсіподақ жұмыстарына оң бағаларын беріп, Казталов аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ жұмысының жылдан-жылға жанданып, мүшелерінің қатары артып отырғанына тоқталды. Кәсіподақ мүшелерінің денсаулықтарын нығайту мақсатында жыл сайын сауықтыру орталықтарына жолдама беру  жұмыстары да жүйеленіп келеді. Облыстық кәсіподақтың ықпалымен бюджет қаражаты есебінен педагог қызметкерлерді тегін медициналық тексерістен өткізу мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша 3 АЕК көлемінде көмек көрсетілуде. Өндірістік кеңестер құрылып, кәсіподақ ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелерінің құқықтарының қорғалуы мен еңбек қатынастарының сақталуына жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстары жандана түскен. Осы бағытта Казталов аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Жангерееваға әлеуметтік әріптестік ретінде үнемі қолдау білдіріп, аудандық кәсіподақ жұмысын алға бастырудағы бірлескен жұмыстарына алғыс білдірілді. Жиында осыған дейін табысты қызмет атқарған Асыл Закарияқызы Кенжегалиеваның кандидатурасы төрайымдыққа қайтадан ұсынылып, делегаттардың бірауыздан қолдауына ие болды.

Конференция соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі үлестері және қоғамдық өмірге белсене атсалысқан бірқатар сала өкілдеріне бағалы сыйлықтар табыс етілді. Салалық кәсіподақтың облыстық және аудандық ұйымының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Есенжол Қыстаубаев,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале