6.12.2022, 9:01
Оқылды: 818

Қос ұсыныс

Облыс орталығындағы Орал – Саратов тасжолының бойында орналасқан «Алтындар» гипермаркеті тұсынан жолды кесіп өтетін адам көп. Әсіресе оқушылар, сауда орнына баратын тұрғындар көп жүреді. Ал кеш, түн және таңғы уақытта жаяу жүргінші жолағы анық көрінбейді.

1 (25)

Түскі және жұмыстан кейінгі уақытта аутокөліктер легі көбейіп, жүргізушілер жылдамдықты шегінен асыра әрлі-берлі жөңкіледі. Адамдардың, әсіресе оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аталған тұсқа тез арада бағдаршам орнату қажет. Себебі адам өмірі бәрінен де қымбат.

Орал қаласының әкімдігі жол қауіпсіздігін назарында ұстап отырғанын жақсы білемін. Бұрын  Зашаған әкімдігінен Жәңгір хан көшесіндегі «Молодежный» аялдамасындағы қиылысқа бағдаршам орнатуларын өтінгенімізде, ұсынысты құп алған тиісті құрылымдар бір айға жеткізбей  сол жерге бағдаршам орнатып берген еді. Соның арқасында жол қауіпсіздігі жақсарып, тұрғындар дән риза болды.

1a8756b7-2811-4447-b66e-1823aa466fe4

Екінші ұсыныс: «Молодежный дүкені» аялдамасының атын өзгертіп, «№47 Қадыр Мырза Әли атындағы мектеп» аялдамасы десек, нақты бола түсер еді  әрі мәні ескірген атаулар азаяр еді.

Болатқали Төлебаев,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале