6.02.2024, 16:27
Оқылды: 105

Көшбасшылық курс кәсіби деңгейімізді өсірді

Демалу мен білімге деген құштарлығым бір арнаға тоғысып, 3-14 шілде күндері ақтаулық, атыраулық әріптестермен бірге кадрлық резервті дайындаудың ауқымды мемлекеттік бағдарламасы аясындағы біліктілікті арттыру курсының базалық деңгейін оқыдым.

1fb4d350-0ca0-4bf0-af01-6846f8c0cec8

Негізгі деңгей фокусында – әр педагог үшін маңызды мәселелер: мектепте білім берудегі трендтер, оқытудағы құндылыққа бағытталған тәсіл, оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, кәсіби игілік пен педагогтердің мектептегі кәсіби өзара әрекеттестігі.

Үш аптаға созылған жиын мен үшін несімен ерекшеленді?

Ең бірінші ілгері деңгей фокусында топ-менеджерлерге арналған кестеде әр мұғалім үшін басты тақырыптар қамтылған.

 Заманауи мектеп басшысының кәсіби мәртебесі және имиджі, оның ұлттық құндылықтарын қалыптастырудағы рөлі, мектепті басқару психологиясы және кадрлық менеджмент, білім беру процесіндегі цифрландыру және басқа өзекті мәселелер.

Біз педагогикалық шеберлік орталығы және EdCrunch Academy мәскеулік IT сарапшылары әзірлеген «Заманауи мектепті басқару» компьютерлік симуляторын қолдана алдық.

Кәсіби деңгей атына сай біздің кәсіби деңгейімізді өсірді. Астана қаласынан келген арнайы мамандар басқарудың қаржылық және құқықтық нормативтік тетіктерін үйретті. Мектептің даму бағдарламасы, командалық жұмыс, инновациялық жобаларды енгізу сияқты өзекті тақырыптар бойынша білім алдық.

Жобаның төртінші кезеңі тағылымдамада Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесімен танысып, баға жетпес құнды мәліметтер алдық. Жалпы жобаның әр кезеңнің өз ерекшелігі, құнды идеясы болды. Соңғы бесінші кезеңде министрліктің жанынан құрылған арнайы комиссия алдында әңгімелесуден өттік.

Әңгімелесу барысында кейс стади әдісі арқылы жағдаяттық сұрақтарға жауап беріп, өзіміздің басшы ретінде шешім қабылдау дағдымызды сынға салдық. Сөйтіп бес кезеңнен сүрінбей өткен 208 адам кадрлық резерв тізіміне ендік. Өздері өзгерген, өзгеріс енгізуге дайын «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасының алғашқы қарлығаштары 19 қаңтар Астана қаласында сертификат табыстау рәсімінде бас қостық.

Бұл жоба отандық білім берудің болашақ топ-менеджерлерін дайындаудағы үздік жоба дер едім. Жоба жалғасын тауып, өзгеріске дайын кадрлық резерв қатары толыға берсін.

Марал Төлекенова,

Алма Оразбаева атындағы мектептің директоры,

«Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасының түлегі

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале