22.06.2022, 9:15
Оқылды: 75

Көшеттің «Dimash Qudaibergen» сұрпы Нұр-Сұлтанның Ботаника бағына сыйға берілді

Латвияның «Babite» рододендрондар паркі «Dimash Qudaibergen», «Miuaniz» және «Qazaqstan» деп аталатын рододендрондардың жаңа сұрпын жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

InShot_20220622_085219584

Парктің «Қазақстан бұрышында» рододендронның аталмыш үш сұрпына Британия халықаралық сұрыптар регистрінің сертификаттары табыс етілді. Қазақстан мен Латвия арасындағы достықтың 30 жылдығына арналған шараға Қазақстан Республикасының Латвиядағы елшілігінің өкілі Айнұр Ахметова, парк басшылығы және «Dimash Latvia Dears» фан-клубының мүшелері қатысты.

«Dimash Qudaibergen», «Miuaniz» және «Qazaqstan» ерекше сорттарының пайда болу тарихы туралы аудионұсқаулық пен гид-планшет те жасалған.

dimashnews.com сайтында мәлім етілгендей, рододендронның «Dimash Qudaibergen» сұрпы жылдамдатылған әдіспен жасалды. Өсірілген 8 көшеттің екеуі Латвияда қалады, үшеуі Димаш Құдайбергенге сыйға тартылса, қалған үшеуі Нұр-Сұлтан қаласындағы Ботаника бағына жіберіледі.
Кездесу соңы бейресми форматқа ауысты – екі елдің ұлттық тағамдарынан дастархан жайылып, Д.Құдайбергеннің әндері шырқалды.
Рододендрон – бұл өте әдемі декоративті бұталы ағаш. Оның бір мыңға жуық түрі бар. Қысы-жазы жасыл келеді және дені жылы жерді ұнатады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале