Мәдениет майталманының мерейтойы
9 Желтоқсан 2022

Мәдениет майталманының мерейтойы

Ардагерлер фестивалі өтті
9 Желтоқсан 2022

Ардагерлер фестивалі өтті

Шыңғырлауда «Жомарт Жүрек – 2022» премиясы берілді
9 Желтоқсан 2022

Шыңғырлауда «Жомарт Жүрек – 2022» премиясы берілді

Қос ауылға - жаңа бағандар
9 Желтоқсан 2022

Қос ауылға - жаңа бағандар

Сессияның жұмысына үзіліс жарияланды
9 Желтоқсан 2022

Сессияның жұмысына үзіліс жарияланды

Кеңес мүшелерінің келісімі берілді
9 Желтоқсан 2022

Кеңес мүшелерінің келісімі берілді

Көші-қон полициясы пәтер, қонақүй, жатақхана иелеріне ескерту жасады

Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі Қазақстан халқына үндеу жасап, негізгі ережелерді еске салды. Ең бастысы, шетелдіктерді қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар иммигранттар туралы есеп беруге міндетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

3099470acae44cfaa78f2bb77b1ac97c

ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төраға міндетін атқарушы Аслан Аталықов үндеу негізінен қонақүйлердің, жатақханалардың, пансионаттар мен пәтерлердің және басқа да тұрғын үйлердің иелеріне қатысты екенін айтты.

Оның айтуынша, көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтау қажет.

Шетелдіктерді қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздерінің иммигранттары туралы Ішкі істер министрлігіне хабарлауға міндетті. Хабарлама шетелдік келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі. Хабарлама берілмесе, пәтер немесе қонақүй иесіне айыппұл салынады, - делінген үндеуде.

 Сонымен қатар заңды тұлғаларға айыппұл 10-нан 25 АЕК-ке дейін, қайталап бұзған жағдайда 100 АЕК-ке дейін (306 мың теңге) болатыны ескертілді. Жеке тұлғаларға әуелі ескерту жасалады. Қайталап бұзғаны үшін 30 АЕК (91 890 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Заңның осы талаптарын жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті. Шетелдік қонақтар қабылдаушыға төлқұжат мәліметтерін беріп, Қазақстан заңнамасын сақтауы керек.Аслан Аталықов

Бұған дейін ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қоғамда кейбір көші-қон мәселелерін түсінбеушілік барын айтқан еді. Осы орайда ол "халықаралық міндеттемелерді орындай отырып, еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін әрқашан есте сақтаймыз" деп баса айтты.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале