8.12.2022, 17:00
Оқылды: 56

Көші-қон жағдайы бақылауда

БҚО-да 2022 жылдың 11 айында 221 шетел азаматы елден шығарылды. БҚО ПД көші-қон қызметінің бөлімшелері облыстағы көші-қон ахуалына және шетелдіктердің БҚО аумағында болу режиміне тұрақты бақылауды жүзеге асырады.

8c6e6d0a3a1d45aedcd41c737ad640b4_original.184413

Суреттің дереккөзі: Gov.kz

Ағымдағы жылдың 11 айында сот шешімімен елден 221 шетелдік азамат шығарылды. Сот шешімін ерікті түрде орындау үшін шетелдіктерге он күн беріледі. Алайда осы уақыт ішінде бес Тәжікстан азаматы мен үш Өзбекстан азаматы ҚР аумағынан өз бетінше кетпеді және сот шешімін орындаудан жасырынып қалды. Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындау үшін БҚО ПД қызметкерлері сегіз шетелдік азаматты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейін алып жүруді ұйымдастырды (Маңғыстау облысы, "Тәжен" БӨП Бейнеу ауданы). Сондай-ақ облыс аумағында Өзбекстан Республикасының екі азаматы жеке басын куәландыратын құжаттарсыз жүрген, олар материалдық жағдайға байланысты Отанына өз бетінше кете алмады.
Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының үкіметтері арасындағы реадмиссия туралы келісім бойынша көші-қон қызметі бұл азаматтарды Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы консулдығына алып барды, онда Отанына оралу үшін куәлікпен құжатталды. Одан кейін ҚР Мемлекеттік шекарасына дейін еріп жүрді (Маңғыстау облысы, "Тәжен" БӨП Бейнеу ауданы).
БҚО ПД Көші-қон қызметі құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша БҚО аумағында болатын шетел азаматтарын тұрақты негізде бақылауды жүзеге асырады.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале