27.04.2022, 9:30
Оқылды: 104

Қостанай облысында мұғалімді зорламақ болды деген ер адамның ісі қаралып жатыр

Жаңа жыл түні Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде бұрын сотты болған ер адам әйелдің үйіне кіріп, ұрып-соғып, буындырып, зорламақ болған. Бұл туралы жәбірленуші айтып берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

IMG-20220427-WA0007

Жәбірленуші 50-ден асқан, сотталушы - 22 жаста. Әйел аты-жөні мен шабуыл қай ауданда болғанын әзірге құпия сақтауды сұраған. Сотта мұғалім оқиғаны егжей-тегжейлі айтып берген.

Сотталушының ісі ҚР ҚК-ның 149, 107, 120-баптарының 1-бөлімдері - тұрғын үйге кіру, орташа ауырлықта ұрып-соғу және зорлауға оқталу бойынша сотқа жолданған. Соңғы бап бойынша ер адам кінәсін мойындамаған. Жәбірленуші болса одан әрең құтылғанын айтқан.

Сот процесі жалғасып жатыр. Іс 12 мамырға шегерілді.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале