31.10.2023, 17:30
Оқылды: 41

Қостанайдағы көтеріліске не түрткі болды?

Патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы қазақтардан майданға жігіт жинау туралы жарлығы Қазақстанның барлық өңірінде халық наразылығын тудырғаны белгілі. Сондай көтерілістердің бірі Қостанай облысына қарайтын Қарабалық, Торғай және Меңдіқара болыстықтарында болады.

жп дала

1916 жылдың 12 шілдесінде Қарабалықтың Бестөбе болыстығында болған көтерілісшілер кезінде жасалған тізімдер жойылып, болыс кеңсесі өртеліп жіберіледі. Көтерілісшілердің саны 2000 адамға жетеді.

Сондай-ақ Қарабалық уезіне қарасты 4,5,6 және 8 ауылдық болыстықтардағы көтерілісшілер саны 500 адамға жетіп, уездегі жағдай генерал-губернаторға хабарланады.

Сонымен қатар Меңдіқара, Торғай уездерінің қазақтары да көтерілісшілерді қолдап жігіттерін жинайды. Қостанай облысындағы жағдайға алаңдаған патша өкіметі, тек 1916 жылдың желтоқсан айында ғана әскер шығаруға мүмкіндік алады.

Осылайша екі зеңбірек және екі пулеметпен қаруланған патша әскері көтерілісшілерді жазалау үшін 1916 жылдың 21 желтоқсанында Қостанай өңіріне аттанады. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасындағы ұрыстар 1917 жылдың ақпанына дейін созылады.

Нәтижесінде көтерілісшілердің бір бөлігі патша өкіметіне бағындырылса, екінші бөлігі Аманкелді Иманов бастаған көтеріліске барып қосылады.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале