28.12.2022, 16:16
Оқылды: 61

Қоян-қолтық ұрыстан Ұлттық ұлан жауынгерлері чемпион атанды

Орал қаласында қоян-қолтық ұрыстан Батыс Қазақстан облысының спортшылары арасында  өткен жарыста, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің екі бірдей жауынгері чемпион атанды.

7

Спорттық  жарыс Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді. Өткізілген жарыстың басты мақсаты қоян- қолтық ұрысынан ел чемпионатына қатысатын спортшыларды іріктеу еді.

Жарысқа жалпы саны 200- ге жуық спортшы қатысып, олар тоғыз салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынады.

Облыстық чемпионатта Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де қатысып өз бақтарын сынаған болатын. Жарыс қорытындысы бойынша 60 кг салмақ дәрежесінде сержант Жандос Утегулов боз кілемдегі ұрыста қарсылас шақ келтірмей  алтыннан алқа тақса, 85 кг балмақ дәрежесі бойынша сынға түскен қатардағы Әли Нәсіпқалиев қарсыластарынан басым түсіп, жарыстың чемпионы атанды.

9

Осылайша Облыс көлемінде өткізілген қоян- қолтық ұрысына Ұлттық ұланның екі жауынгері қатысып екеуіде алтыннан алқа тағып жарыстың чемпионы атанды.

- Мен үшін ақтық кездесу қиын және өте тартысты болды. Осы жарыста бағым мен бабым қатар шауып жарыс жеңімпазы атандым. Келесі жылы наурыз айында ел біріншілігі өтеді деп жоспарлануда. Сол жарысқа жақсылып дайындалып ел чемпионы болсам деген мақсатым бар,- деді жарыс чемпионы сержант Утегулов Жандос.

Қоян-қолтық ұрысы Ұлттық ұлан әскерінде, әскери қолданбалы спорт түрі ретінде кеңінен тараған спорттың бірі. Бұл спорт түрі бойынша Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде, өңірлік қолбасшылықтарда жыл сайын түрлі жарыстар өткізіліп келеді.

 

Ертуған Әубакир,

Капитан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале