29.04.2023, 17:03
Оқылды: 147

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі БҚО-дағы жоғары оқу орындарының жұмысымен танысуда

Кеше Батыс Қазақстан облысына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жұмыс сапарымен келді. Бүгін министрдің өңірдегі сапары жоғары оқу орындарының жұмысымен танысумен жалғасуда.

WhatsApp Image 2023-04-29 at 00.15.38

Министр бірінші Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде болып, профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті. Университет ғалымдарының ғылыми жетістіктерінің көрмесімен және жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты.

WhatsApp Image 2023-04-29 at 00.16.01 (1)

– ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі батыс өңіріне келіп барлық жеке, мемлекеттік емес жоғары оқу орындарын жинап, үшінші үлкен отырыс өткізудеміз.

WhatsApp Image 2023-04-29 at 00.16.01 (2)

Наурыз айында жеті жылдық Ғылым және жоғары білім даму тұжырымдамасы қабылданды. Бүкіл жоғары білімге, ғылымға, тіл саясатына қатысты сұрақтар бір құжатта жинақталған. WhatsApp Image 2023-04-29 at 00.16.01 (3)

Тұжырымдама аясында біздің басымдық беретін негізгі бағытымыз – өңірлік университеттерді дамыту. Өкінішке орай, қазіргі уақытта негізгі мамандар өңірлік оқу орындарында даярланады.

WhatsApp Image 2023-04-29 at 00.16.01 (4)

Мамандарды даярлау мәселесі еңбек нарығымен толыққанды ұштастырылмаған. Осы мәселені талқылаудамыз. «Мамандығым – болашағым» бағдарламасының аясында алты облыста өңірлік мамандықтардың карталары даярланған.

WhatsApp Image 2023-04-29 at 00.16.01 (6)

Осы жылдың соңына дейін қалған өңірлерде де карталар дайындалады. Бүкіл оқу бағдарламалары сол карталар арқылы өңірлік талаптармен, тапшылықтармен ұштастырылады, - деді Саясат Нұрбек.

WhatsApp Image 2023-04-29 at 00.16.01 (5)

Министрдің мәлімдеуінше, келесі аптада Батыс Қазақстан өңірінде аталған карталардың жұмыстары басталмақ. Негізгі жобалық офис ретінде Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті бекітілген.

WhatsApp Image 2023-04-29 at 00.16.01 (7)

Одан кейін министр өңірдегі Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетіне барып, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты.

WhatsApp Image 2023-04-29 at 00.16.01

Аталған оқу орны – батыстағы ірі заманауи және жоғары технологиялық білім беру кәсіпорны. Айта кетейік, университеттің құрамында Hi-Tech зертханасы бар. WhatsApp Image 2023-04-29 at 00.16.01 (8)

Дәл қазір ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің жұмысымен танысуда.

WhatsApp Image 2023-04-29 at 00.34.21

WhatsApp Image 2023-04-29 at 00.34.57 (1)

WhatsApp Image 2023-04-29 at 00.34.57 (2)

WhatsApp Image 2023-04-29 at 00.34.57

WhatsApp Image 2023-04-29 at 00.34.58 (1)

WhatsApp Image 2023-04-29 at 00.34.58 (2)

WhatsApp Image 2023-04-29 at 00.34.58

Гүлмира Сарсенғали,
Суреттерді түсірген автор

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале