15.11.2021, 16:30
Оқылды: 83

ҚР Президенті: Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық валюта күнімен құттықтады.

12E191ED-A445-4E00-AB3D-165397B515AB

«Баршаңызды Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Сонымен қатар экономикалық дамуымыздың басты кепілі. Еліміздің қаржы жүйесіне халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеті жүктеледі», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

0DF47A93-E0F8-48FB-B395-B2A0443C37D8

Еске салайық, бүгін Ұлттық валюта – теңгенің айналымға енген күні және ҚР қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале