29.07.2022, 17:00
Оқылды: 172

ҚР СІМ басшысы ШЫҰ елдеріндегі сауда-саттықта ұлттық валюталарды пайдалануды ұсынды

Бүгін Өзбекстан астанасында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің сыртқы істер министрлері әлемдегі және өңірдегі ахуалды талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220729160121841e

Сурет: ҚазАқпарат

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде протекционизмнің күшеюі және тауар жеткізу тізбегінің үзілуі ШЫҰ-да цифрлық қызмет көрсету индустриясы мен электронды коммерцияны ілгерілетуді кезек күттірмейтін міндетке айналдыратынын атап өтті.

- Цифрлық экономика инновацияларының экономикадағы өсудің негізгі факторы ретіндегі маңыздылығын атап өте отырып, 2021 жылы ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінде бекітілген ШЫҰ инновациялық кластерлер технопарктерінің пулын құру тұжырымдамасы елдеріміз экономикасын технологиялық дамудың жаңа деңгейіне көшіруді жеделдетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін, - деді министр.

2207291601339171g

Сурет: ҚазАқпарат

Сондай-ақ ол сауда саласындағы кооперацияны ілгерілетуге осы операцияларда ШЫҰ-ға қатысушы елдердің ұлттық валюталарын пайдалану ықпал етуі мүмкін екенін айтты. ШЫҰ СІМК-нің кездесуі ұйымның қыркүйек айында Самарқандта өтетін саммитіне дайындықтың соңғы кезеңі.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале