11.04.2024, 11:44
Оқылды: 14

ҚР ҰҚК есірткі арнасын жойды

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен метамфетаминнің ірі партиясының контрабандалық арнасын жойды", - деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

02d6828f7d5fe1d63d442f8701960fb3_1280x720

Шымкент қаласында жүргізілген операция нәтижесінде есірткі алуы барысында осы арнаны ұйымдастыруда күдікті шетелдік азамат ұсталды.

Ауыр жүк көлігін тексеру барысында «Cola» сусынында еріген 90 литрден астам есірткі табылып, тәркіленді. Сараптамамен сұйықтықтың құрамындағы тыйым салынған заттардың концентрациясы 80% - дан асатыны анықталды.

13a865a17a856ab9e008ebced04c4f97_1280x720

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале