24.01.2023, 21:46
Оқылды: 30

Круглоозерный кентіндегі «Шұғыла» комьюнити орталығы жаңғыртылып, қайта ашылды

Бүгін Оралдағы Круглоозерный кентінде «Шұғыла» комьюнити орталығы жаңғыртылып, қайта ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Миржан Сатқанов қатысып, орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

0FD01444-ABCF-4326-A782-271A68D91545

Заманауи үлгіде жабдықталған «Шұғыла» комьюнити орталығы – өнерге құштар балдырғандар мен ересектерді біріктіретін орталық.

A53AAB61-37DC-4E62-BAC0-BE36D5DD984C

Қайтадан жаңғырған мекемеде «Қазына» көпұлтты әжелер ансамблі, «Алтын қолдар» қолөнер үйірмесі, «Алтын сақа» спорт үйірмесі, «Зейін» көркемсөз және «Жас тілші» журналистика үйірмесі жүргізіледі.

3FDA5B70-E977-4D94-A534-A4683417B408

Айта кетейік, орталық 2019 жылдың қаңтар айында ашылды. Ондағы үйірмелерге 160-қа жуық бала қатысады.

@zhaikpress_kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале