19.12.2019, 17:18
Оқылды: 364

Круглоозерный кентінің әкімі сайланды

Бүгін қала әкімі Абат Шыныбеков Круглоозерный кентінің тұрғындарына жаңа сайланған әкім Тимур Құбайдоллаұлы Ашығалиевті таныстырды. Тимур Ашығалиевтің кандидатурасын қалалық мәслихаттың депутаттары 13 желтоқсан күні мақұлдаған.

akim krug

Тимур Құбайдоллаұлы Ашығалиев 1974 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 1996 жылы Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Мемлекеттік қызмет өтілі 5 жыл.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медальімен мараптталған.

Еңбек жолы:

- 07.1996 – 11.2000 жылдар аралығында «Тимур и К» толық серіктестігінің директоры;

- 11.2000 – 06.2004 жылдар аралығында «Орал агрофирмасы Біріккен кәсіпорны» ЖШС-нде қайта өндеу цехының бастығы;

- 06.2004 – 10.2005 жылдар аралығында «Орал астық өнімдері комбинаты» ЖШС директорының орынбасары;

- 11.2005 – 03.2006 жылдар аралығында «Жайық Жылу Қуат» АҚ турбиналы цехтың насос қондырғысының машинисті;

- 03.2006 – 08.2006 жылдар аралығында «Казюгозападпромстрой» ЖШС бу-газды қоңдырғының операторы;

- 09.2006 – 06.2007 жылдар аралығында «Жайық Жылу Қуат» АҚ-нда ЖЭЦ бу-газды қоңдырғы блогы ауысымының бастығы;

- 08.2008 – 10.2008 жылдар аралығында «Көркем Орал» ЖШС директорының орынбасары;

- 10. 2008 – 07.2012 жылдар аралығында Орал қаласының Деркөл кенттік округінің әкімі;

- 07.2012 – 03.2013 жылдар аралығында Орал қаласының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қорын ұстау секторының меңгерушісі;

- 06.2013 – 08.2013 жылдар аралығында «Январцево орман және жануарлар әлемін қорғау» ММ-нің орман шебері;

- 12.08.2013 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін Орал қаласының Желаев селолық округінің әкімі болды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале