ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды
24 Қаңтар 2022

ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс
24 Қаңтар 2022

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде
24 Қаңтар 2022

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды
24 Қаңтар 2022

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті
24 Қаңтар 2022

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды
24 Қаңтар 2022

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды

20.10.2018, 18:27
Оқылды: 25
Круглоозерныйда «Ашық әкімдік» өтті

Бүгін Круглоозерный кенттік округінде «Ашық әкімдік» шарасы өтті.

IMG-20181020-WA0044

Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев қалалық әкімдіктің барлық бөлімдерінің және коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің басшыларымен, құқық қорғау, төтенше жағдайлар бөлімдерінің өкілдерімен бірге  Круглоозерный және Серебряков тұрғындарының жеке талап-арыздары бойынша қабылдау жүргізді.

Круглоозерый кенттік округінің әкімі Кенесары Нұршиновтың айтуынша, қоғамдық қабылдау туралы алдын ала әлеуметтік желілерде хабарланған. Басшылармен тікелей жолығуға мүмкіндік сыйлаған ашық қабылдауға 21 тұрғын келіп, өз сауалдарын қойды. Тоғыз тұрғын өз сұрағын тікелей қала әкіміне бағыттаса, екі тұрғын жергілікті полиция қызметіне, екі тұрғын қалалық білім бөліміне, 2 адам жолаушылар және аутомобиль жолдары бөліміне, «Оралтазасервис» ЖШС-на 3, жұмыспен қамту бөліміне 1, мәдениет бөліміне және төтенше жағдайлар басқармасына бір сұрақтан жолданды.

Круглоозерный кентінде мәдениет үйі мен балабақша салу мәселесі жиі көтерілді. Қала әкімі бұл бағытта нақты шаралар қолға алынғанын жеткізді. Тұрғындардың дені облыс орталығынан кентке қатынайтын №51 қоғамдық аутобустың жұмысына қатысты шағымданса, №6 қалалық емхана мен коммуналдық мекемелердің қызмет сапасына қатысты сауалдар да қойылды. Советская көшесіндегі көппәтерлі апатты үйдің тұрғындары баспанамен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале