6.12.2023, 14:30
Оқылды: 71

Күдікті елге қайтарылды. 86 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген

«OLIMP KZ» букмекерлік кеңсеcінің қызметімен байланысты қылмыстық топтың құрамында болған күдікті Германиядан Қазақстанға қайтарылды.

прокуратура

Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі және ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен оның сыбайласын Сербия Республикасынан қайтарды.

Олар 2014-2019 жылдары қылмыстық топтың құрамында заңсыз құмар ойындарын өткізуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген.

Аталған заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 86 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.

Осыған байланысты күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, кейін олар халықаралық іздеуге жарияланған.

Қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале