10.06.2022, 16:30
Оқылды: 162

Құлжа тасжолында көлік апатынан үш адам мерт болды

Алматыда Құлжа тасжолының бойында екі көлік соқтығысып, үш адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4C41C765-7C05-4BE9-AEA7-DDB3D0082252

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жантүршігерлік жол апаты 10 маусым күні таңғы сағат 07:50 шамасында Құлжа тасжолында болды.

«Құлжа тасжолының батыс бағытында келе жатқан «БМВ-525» маркалы автокөліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Мерседес Бенц» автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі көлік жүргізушісі мен «Мерседес Бенц» машинасында отырған 1978 жылы туған әйел оқиға орнында көз жұмды», - деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Полиция өкілінің сөзінше, аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен тіркелді.

Сот-медициналық және тергеу сараптамалары тағайындалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале