Терапевт Мишель Сеген күніне небәрі он минут уақыт алатын әрі деменция қаупін азайтуға көмектесуі мүмкін жаттығуларды атады. Ол бұл кеңесін Woman's World басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: istockphoto.com
Дәрігер есте сақтау мен ойлау қабілетінің әлсіреуінің алдын алу үшін күн сайын кемінде он минут жаңа дағды үйренуге немесе адамға үйреншікті емес іспен айналысуға кеңес береді. Мысалы, жаңа тіл меңгеру, тоқыма тоқу немесе музыкалық аспапта ойнауды үйрену.
Терапевт деменция қаупін арттыратын факторлардың бірі - әлеуметтік оқшаулану екенін де еске салды. Бұған жол бермеу үшін ол күн сайын 5–10 минут досыңызбен телефон арқылы сөйлесуге немесе хабарлама алмасуға кеңес береді.
"Бұл есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі. Әңгіме кезінде ми тыңдайды, ақпаратты есте сақтайды, жауап береді, эмоцияны ажыратады және бір тақырыптан екіншісіне ауысады. Бұл - ойлау қабілетіне түсетін өте күрделі әрі пайдалы жаттығу", - деді дәрігер.