28.03.2024, 11:15
Оқылды: 46

Құны 1 миллиард теңгеден асатын темекіні шекарадан өткізбек болды

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан - Қырғыз шекарасында контрабандалық жүкті тасымалдамақ болғандардың жолын кесті.

WhatsApp Image 2024-03-28 at 11.07.37

Фото: kgd.gov.kz

Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз қызметі жазды.

23 наурызда «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде ШҚ Жамбыл облысындағы департаменті алдын ала бағалау құны 1 миллиард теңгеден асатын темекі өнімінің ірі партиясын анықтады.

Аталған тауар азық-түлік түрінде тасымалданып, ілеспе құжаттары болмаған.

Іс зкономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале