5.10.2021, 11:51
Оқылды: 100

Құны 43 миллион теңгені құрайтын 16 жоба мақұлданған

Бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен дәстүрлі баспасөз мәслихатына Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиев қатысып, аталған өңірдің тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

40172825-8871-409B-BC00-DC77F7A68F41

Брифинг барысында аудан әкімі ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, баспанамен қамту, жол салу секілді маңызды салаларда атқарылған істерге және алда тұрған міндеттерге тоқталып өтті.

-Ауданымызда  бүгінгі таңда ірі қара малы 106 828 бас, қой мен ешкі 305 100 бас,  жылқы 30 605 бас және түйе 211 басқа жетті. Тәуелсіздіктің 2-ші 10 жылдығында  шаруа қожалықтарының саны 469 болса, қазіргі таңда ауданымызда 676 шаруа қожалық тіркелген. Мал шаруашылығындағы жүйелі жұмыстар мен оң нәтижелер мал басын асылдандыруға жақсы әсерін тигізіп келеді. 2010 жылы ауданда 1 асыл тұқымды шаруашылық болса, қазіргі таңда олардың саны 53-ке жетіп отыр. Соның ішінде 36 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын, 13 шаруашылық асыл тұқымды қой малын және 4 шаруашылық асыл тұқымды көшім тұқымы жылқысын өсірумен шұғылданады. Шет елден және отандық асыл тұқымды малдың аналығын сатып алуға, яғни импорттауға бағытталған жұмыстар ауданымызда қарқынды жүргізілді. “Сыбаға” бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясынан және Белоруссия елдерінен шаруа қожалықтарымыз соңғы 10 жылда 3573 бас қазақтың ақбас, герефорд, ангус малдарын әкелсе, биылдың өзінде 320 бас қазақтың ақбас тұқымды мүйізді ірі қара малын сатып алды,-деді Альберт Темірболатұлы.

A27B5390-EF0C-4630-800E-B727602D86E9

   Спикердің айтуынша, соңғы жылдары ауданда Талдыапан ауылдық округінде “Мясная индустрия” ЖШС 5000 бас және Ақпәтер ауылдық округінде “Барыс” шаруа қожалығы 1000 бас ірі қара малдарына мамандандырылған бордақылау кешендері ашылып іске қосылған.

Ауданда соңғы жылдары шағын және орта кәсіпкерлікті дамту да қарқын алған.

Бүгінгі таңда ауданда кәсіпкерліктің 1501 субъектісі тіркелген болса, оларда жұмыс істейтіндердің саны  2339 адамға жеткен. Соңғы 10 жылдықта несилендірудің мемлекеттік бағдарламалары арқылы  390 кәсіпкерлік субъектілері мал шаруашылығын дамытуға, қызмет көрсетуге және өндіріске 7 млрд. 153 млн.тенге несие алды. 2018 жылдан бастау алатын «Бастау-Бизнес» бағдарламасы аясында төрт жылдың ішінде өз ісін жаңадан бастаған 354 кәсіпкер 198 млн.тенге грант алды.

2014 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы-2020» және «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламалары аясында 43 млн. теңгеге 16 жоба мақұлданған.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале