24.05.2024, 10:00
Оқылды: 1

Құран кітабын үш жыл бойы қолмен жазып шыққан Шейх Осман Тоһә Қазақстанға келді

Қасиетті Құран кітабын үш жыл бойы қолмен жазып шыққан әйгілі каллиграф Шейх Осман Тоһә елімізге келді, деп хабарлайды Alash.kz.

IMG_8589

Фото: Otyrar.kz

Қадірлі қонақты Шымкент әуежайынан танымал меценат Серікжан Сейітжанов күтіп алды.

Шейх Осман Тоһә бүгін Сейітжан қари Есжанұлы рухани орталығының ресми ашылу салтанатына қатысады деп жоспарланып отыр.

Қарияның нақыштап көркем жазуымен көшіріліп басылған Құранның саны 500 000 000-ға жақындаған.

Шейх Осман Тоһә Құран Кәрім кітабының бірнеше тілдегі аудармасын өз қолымен жазып шыққан. Сондай-ақ, 70 тілге аударған. Оның ішінде қазақ тілі де бар.

90 жастан асқан каллиграф Сауд Арабиясында тұрады. Оның ұлты – қазақ.

Осман Тоһәнің айтуынша, ол негізінен түркістандық қазақ екен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале