23.01.2023, 21:45
Оқылды: 104

Құрмет көрсетті

Спорт ардагері Қамбарбек Салимов 65 жаста.  Саналы ғұмырын өңір спортының дамуына арнаған саңлақтың мерейтойына орай Орал қаласында ардагер волейболшылар бас қосып, Қамбарбек Хамитұлының жүлдесіне арналған ашық турнирдің жүлделерін сарапқа салды.

EECF42BB-26EF-45B2-80A6-CE85BD540063

Қызықты турнирге Орал қаласының әкімдігі қолдау білдіріп, қалалық спорт бөлімі ұйымдастырды. Жарысқа өңіріміз бен Ақтөбе облысынан келген 12 команда қатысты.

Әуе доп бәсекесінің ашылу салтанатына арнайы келген қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов мерейтой иесіне шаһар басшысының алғыс хатын тарту етті. Сондай-ақ аталмыш жарысқа арнайы келген ақтөбелік спортшылар мен жергілікті волейбол ақсақалдары Қамбарбек ағамызға құрмет көрсетті. Бірнеше күнге созылған саңлақ волейболшылар жарысының қорытындысында үшінші орын Ақтөбе облысы, Хромтау қаласының командасына, екінші орын бөрліліктерге бұйырса, турнир жеңімпазы атағын Орал қаласының атынан шыққан "Намыс" командасы жеңіп алды.

09E6FC25-2CF2-4137-9F64-BE8C0B6CAD85

Сондай-ақ өз командасын алға сүйреп, үздік ойын өрнегін көрсеткен  Амангелді Сүйінтаев "Ардагер ойыншы", Руслан Жолдыбаев "Үздік шабуылшы", Сергей Загной "Үздік қорғаушы", Мадияр Идаев "Үздік байланыстырушы" атанса, Абай Өтебаев "Үздік ойыншы" аталымын иеленді. Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлері қомақты ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале