4.05.2021, 8:40
Оқылды: 188

Құрметті  ардагерлер, тыл еңбеккерлері!

Сіздерді  9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймын!

18B314FD-3D9D-4BF4-88FB-15D2D8472279

Бұл күн – қан майданда парыз бен намысты алға қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, қара ниет жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміз және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі. Сіздердің осы жанкешті еңбектеріңіз ұрпақтан-ұрпаққа өшпес үлгі-өнеге болып қала бермек. Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы келісіммен бейбіт өмір сүруде.

Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілеймін!

Құрметпен, Александр Баклан,

«Урал Тех Сервис» ЖШС-ның директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале