7.05.2021, 10:45
Оқылды: 151

Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері! Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Жеңіс күнімен құттықтаймын!

9 мамыр – Отан тарихындағы қасиетті күн. Бұл мереке – бәрімізге ортақ Жеңіс, Даңқ, Ерлік күні әрі Рух күші атойлаған шақ. Жыл өткен сайын 45-ші жылдың мамырынан алыстап барамыз. Бірақ біздің жадымыз шексіз екенін де атап өткен жөн.

5253124C-786B-4127-96FA-346A57D7136E

Жеңіс күні  халқымыздың сарқылмас күшіне деген сенімді нығайтады, Отанға қызмет ету үшін ұлы міндеттерді атқаруға дем береді, адамгершілік жолын нұсқайды және жасампаз ғұмыр кешуге тірек болады. Ұлы Отан соғысындағы ұрыстардан оралмаған жауынгерлер мәңгілік есте. Тірі қалғандарға, тылда жұмыс істегендерге, осы жарқын күнді жақындатып, соғыстан кейінгі жылдардағы қиындықтарға төзгендерге тағзым!

Барлығына бейбіт аспан, мейірімділік, өзара түсіністік және әр отбасына бақыт, Отанымыздың тұрақтылығы мен гүлденуін тілеймін!

Серік Мұхамбеталиев,

Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің

директоры, БҚО колледждері директорлар

кеңесінің төрағасы, Орал қалалық

мәслихатының депутаты

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале