9.04.2021, 11:08
Оқылды: 191

Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері!

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс. Өйткені сіздер кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын қорғап қалу арқылы өздеріңіздің азаматтық және патриоттық парыздарыңызды абыроймен орындап шықтыңыздар.

аудан аким куттыктауларына (3)

Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді. Сіздердің қайыспас қайсарлықтарыңыз бен Отанға шынайы берілгендіктеріңіз – жас ұрпақ үшін өнегесі мол тамаша үлгі.

«Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен» дегендей, ел басына қатер төнген жылдары кеудедегі шыбын жаны шыққанша жаумен жаға жыртысқан батыр аталарымызға, әкелерімізге, апаларымызға мәңгі қарыздармыз.

Қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен  еңбектеріңіздің арқасында бізге бейбіт заман сыйлаған ардагерлер ерлігіне бас иеміз.

Барлық ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін! Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтаймын!

 

Құрметпен,

Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі

басқармасының бастығы, подполковник Р.Мәжитов

 

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады.

 zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале